Жылдық жазылым және төлемдер тарихы
Стандарт пен Шексізге 1, 3, 6 немесе 12 айға төлем, бөліп төлеу және Kaspi шоттарының тарихы.
4 / 4«Төлем және тарифтер» бөліміндежаңартылды: 2026 жылғы 3 қыркүйек
Мақалада
Айдың орнына жыл
Баптаулар → Жазылым бөлімінде Стандарт немесе Шексіз тарифін және 1, 3, 6 не 12 ай мерзімін таңдаңыз. Негізгі тарифке 3 айға 5%, 6 айға 10%, 12 айға 15% жеңілдік беріледі. Шот сомасы толық мерзімге көрсетіледі: 30, 90, 180 немесе 365 күн. Стандарт пакеттері таңдалған барлық ай үшін айлық бағамен, мерзімге жеңілдіксіз төленеді.
Kaspi 0-0-12 бөліп төлеу
3, 6 немесе 12 айлық жазылымды төлегенде Kaspi қосымшасында 0-0-12 бөліп төлеуді таңдауға болады. Шот жазылымның толық сомасына беріледі. Бөліп төлеу банкке төлем мерзімін анықтайды, жазылым таңдалған 3, 6 немесе 12 айға жарамды.
Төлемдер тарихы
Жазылым қойындысының төменгі жағында соңғы шоттар: тариф немесе пакеттер, сома, күйі және күні.
| Күйі | Нені білдіреді |
|---|---|
| Төленген | Шот Kaspi-де расталды, тариф немесе пакеттер қолданылды |
| Төлем күтілуде | Шот жіберілді, қосымшада растаңыз |
| Мерзімі өткен / бас тартылған / өтпеді | Бұл шот бойынша тариф қосылмады |